О внесении изменения в постановление акимата района от 27 февраля 2006 года № 65/2 «Об утверждении Инструкции по назначению социальных выплат отдельным категориям граждан района» Қолданыста
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы «Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 65/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігінің ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі «Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы «Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 65/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», Павлодар ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 20 сәуірде № 12-11-25 тіркелген, 2006 жылғы 27 сәуірдегі № 17 (7565) «Нива» газетінде жарияланған № 138/4 қаулысымен;
аудан әкімдігінің 2006 жылғы 1 желтоқсандағы «Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы «аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 65/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», Павлодар ауданы әділет басқармасында 2006 жылғы 6 желтоқсанда № 12-11-33 тіркелген, 2006 жылғы 7 желтоқсандағы № 49 (7597) «Нива» газетінде жарияланған № 525/12 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен:
аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы «Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы», Павлодар ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 7 наурыздағы № 12-11-23 тіркелген, 2006 жылғы 9 наурыздағы № 10 (7558) «Нива» газетінде жарияланған № 65/2 қаулысына өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген нұсқаулықта:
5 тармақтағы 12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) 17) тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін Павлодар облысының 70 жылдығына орай Астана қаласына саяхатқа бару үшін 43714 теңге 28 тиын мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек».
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он календарлық күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Ш. Шәмкеноваға жүктелсін.