О внесении дополнений в постановление акимата района от 27 февраля 2006 года № 65/2 «Об утверждении Инструкции по назначению социальных выплат отдельным категориям граждан района» Қолданыста
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы «Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 65/2 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Павлодар облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 шілдедегі № 203/7 қаулысына сәйкес, аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігінің ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Павлодар ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 20 сәуірде № 12-11-25 тіркелген, 2006 жылғы 27 сәуірдегі № 17 (7568) «Нива» газетінде жарияланған, аудан әкімдігінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі «Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы «Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 65/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 138/4 қаулысымен;
Павлодар ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 6 желтоқсанда № 12-11-33 тіркелген, 2006 жылғы 7 желтоқсандағы № 49 (7597) «Нива» газетінде жарияланған, аудан әкімдігінің 2006 жылғы 1 желтоқсандағы «Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы «Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 65/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 525/12 қаулысымен;
Павлодар ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 13 маусымда № 12-11-60 тіркелген, 2007 жылғы 14 маусымдағы № 24 (7624) «Нива» газетінде жарияланған, аудан әкімдігінің 2007 жылғы 8 маусымдағы «Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы «Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 65/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 208/6 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтыруларымен:
Павлодар ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 7 наурызда № 12-11-23 тіркелген? 2006 жылғы 9 наурыздағы № 10 (7558) «Нива» газетінде жарияланған, аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы «Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 65/2 қаулысына мынандай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Нұсқаулықтағы:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 35), 36), 37), 38), 39), 40), 41), 42) тармақшаларымен толықтырылсын:
«35) жалғызілікті және жалғыз тұратын еңбекке жарамсыз қарт адамдар – тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеу үшін материалдық көмек көрсету;
36) ең аз мөлшері зейнетақы алатын зейнеткерлер – тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеу үшін материалдық көмек көрсету;
37) Ауғанстандағы соғысқа қатысқан әскери қызметшілер – тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеу үшін материалдық көмек көрсету;
38) Чернобыль АЭС апатының зардаптарын жоюға қатысқандар – тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеу үшін материалдық көмек көрсету;
39) қайта некеге тұрмаған Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері – тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеу үшін материалдық көмек көрсету;
40) «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Блокадалы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтар – тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеу үшін материалдық көмек көрсету;
41) екінші әлем соғысы кезінде фашистер мен олардың одақтастарымен құрылған концлагерь, гетто және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарының кәмелетке толмаған тұтқындары – тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеу үшін материалдық көмек көрсету;
42) Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектері – тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеу үшін материалдық көмек көрсету;
5 – тармақ мынадай мазмұндағы 25), 26) тармақшалармен толықтырылсын:
25) 37), 38), 39), 40), 41), 42) тармақшалардан көрсетілген санаттағылар үшін – материалдық көмектің төленуі ай сайын жүргізіледі;
26) 35), 36) тармақшаларда көрсетілген санаттағылар үшін – материалдық көмектің төленуі тоқсан сайын, екі айлық есептік көрсеткіш бойынша жүргізіледі»;
6 – тармақ мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын және мынадай мазмұнда жазылсын:
«17) 35) тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – осы әлеуметтік төлемге құқығы бар адамның өтініші, жеке басы куәлігінің көшірмесі, СТТН, тұрғылықты жерден анықтама, төлем ауылдық округ тізіміне сәйкес жүргізіледі;
36), 37), 38), 40), 41), 42) тармақшаларда көрсетілген санаттағылар үшін – осы әлеуметтік төлемге құқығы бар адамның өтініші, жеке басы куәлігінің көшірмесі, СТТН, тұрғылықты жерден анықтама, төлем зейнетақы тағайындау және төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Павлодар аудандық бөлімшесінің тізіміне сәйкес жүргізіледі;
8 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Нұсқаулықтың 2 тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 37), 38), 39) 40), 41), 42) тармақшаларында көрсетілген әлеуметтік төлемдер азаматтардың өтініштерінің негізінде аудандық пошта байланысы арқылы есеп шоттарына аудару жолымен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жүргізілетін болады».
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он календарлық күн өткеннен соң күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Ш. Шәмкеноваға жүктелсін.