О внесении дополнений и изменений в постановление акимата района от 27 февраля 2006 года № 65/2 «Об утверждении Инструкции по назначению социальных выплат отдельным категориям граждан района» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы «Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 65/2 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетті басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Павлодар ауданының әділет басқармасында 206 жылғы 20 сәуірде № 12-11-25 тіркелген, 2006 жылғы 27 сәуірдегі № 17 (7568) «Нива» газетінде жарияланған, аудан әкімдігінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі «Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы «Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 65/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 138/4 қаулысымен; Павлодар ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 6 желтоқсанда № 12-11-33 тіркелген, 2006 жылғы 7 желтоқсандағы № 49 (7597) «Нива» газетінде жарияланған, аудан әкімдігінің 2006 жылғы 1 желтоқсандағы «Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы «Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 65/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 525/12 қаулысымен; Павлодар ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 13 маусымда № 12-11-60 тіркелген, 2007 жылғы 14 маусымдағы № 24 (7624) «Нива» газетінде жарияланған, аудан әкімдігінің 2007 жылғы 8 маусымдағы «Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы «Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 65/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы № 208/6 қаулысымен; Павлодар ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 18 қыркүйекте № 12-11-65 тіркелген, 2007 жылғы 20 қыркүйектегі № 38 (7638) «Нива» газетінде жарияланған, аудан әкімдігінің 2007 жылғы 12 қыркүйектегі «Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы «Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 65/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 291/9 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен: Павлодар ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 7 наурызда № 12-11-23 тіркелген, 2006 жылғы 9 наурыздағы № 10 (7558) «Нива» газетінде жарияланған, аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы «Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 291/9 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтырулармен: Павлодар ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 7 наурызда № 12-11-23 тіркелген, 2006 жылғы 9 наурыздағы № 10 (7558) «Нива» газетінде жарияланған, аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы «Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 65/2 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Нұсқаулықта: 2-тармақ мынадай мазмұнды 43), 44) тармақшалармен толықтырылсын: «43) ауылдық жерлерге жұмысқа жіберілген жоғарғы және орта оқу орындарын бітірген білім беру және денсаулық сақтау салаларының жас мамандары; 44) жұмыссыз ретінде есепте тұрған және аудандық жұмыспен қамту бөлімінің жолдамасы бойынша кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату курстарында оқитын адамдар, аудандық бюджет қаражатынан»; 3 тармақтың 1) тармақшасы 35), 36), 37), 38), 39), 40), 41), 42), 42), 43), 44 тармақшалармен толықтырылсын; 5 тармақтағы: 25) тармақша «ай сайын» деген сөзден кейін «1,3 АЕК көлемінде» деген сөздермен толықтырылсын; 27, 28 тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – жоғарғы оқу орнын бітіргендерге 50,0 мың теңге көлемінде, арнаулы орта оқу орнын бітіргендерге 50, 0 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету; 28) 44) тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – 5000 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету; 6 тармақтағы 17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «17) төлемдер ауылдық округтердің тізіміне сәйкес жүргізіледі; төлемдер зейнетақы және жәрдемақы тағайындау мен төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтың Павлодар аудандық бөлімшесінің тізіміне сәйкес жүргізіледі». 6 тармақ мынадай мазмұнды 18) тармақшамен толықтырылсын: «18) 43), 44) тармақшаларда көрсетілген санаттағылар үшін – аудандық білім беру бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Павлодар ауданының емханасы ұсынған тізімдерге сәйкес; 8 тармақтағы 6), 21), 22), 23) тармақшалар және «азаматтардың өтініштерінің негізінде» деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он календарлық күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Ш. Шәмкеноваға жүктелсін.