О внесении изменений и дополнений в постановление акимата района от 27 февраля 2006 года № 65/2 «Об утверждении Инструкции по назначению социальных выплат отдельным категориям граждан района» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.08.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы «Аудан азаматтарының Жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 65/2 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 «ҰОС қатысушылар, мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер және әлеуметтік қорғау туралы» Заң күші бар Жарлығына сәйкес аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Павлодар ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 7 наурызда 12-11-23 тіркелген 2006 жылғы 9 наурызында № 10 (7558) «Нива» газетінде жарияланған, аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы «Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 65/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысымен: Павлодар ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 20 сәуірінде № 12-11-25 тіркелген, 2006 жылғы 27 сәуірінде № 17 (7568) «Нива газетінде жарияланған, аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы «Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 18 сәуіріндегі «Аудан азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 65/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 138/4 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен: Павлодар ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 6 желтоқсандағы № 12-11-33 тіркелген, 2006 жылғы 7 желтоқсандағы № 49 (7597) «Нива» газетінде жарияланған, аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы «Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 1 желтоқсандағы «Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 525/12 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен.
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Ш. Шәмкеноваға жүктелсін.