О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 апреля 2007 года № 343 "Об утверждении Правил создания, ведения и использования Национальных реестров идентификационных номеров" Күшін жойған
Басқа 0
"Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 343 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 343 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 156-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесінде:
13-тармақтың 2) тармақшасындағы «кеткен кезде шартты түрде алып тасталады.» деген сөздер «кеткен кезде;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) асырап алынған бала туралы мәліметтер, оның дербес деректері өзгерген кезде бала асырап алу туралы сот шешiмi күшiне енгеннен кейiн шартты түрде алынып тасталады.»;
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
«13-1. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қайтадан және одан кейiн тiркеу кезінде, сондай-ақ бала асырап алу жарамсыз деп танылған жағдайда, бұрын қалыптастырылған ЖСН бар құжат берiледi.»;
21-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Жалпыға қолжетімді болып табылатын ақпараттан басқа Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтер:»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Жалпыға қолжетімді ақпаратты қоспағанда, жеке немесе заңды тұлғаға қатысты ақпаратты жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша келісімінсіз басқа адамға беруге болмайды.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.