О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 апреля 2007 года № 343 «Об утверждении Правил создания, ведения и использования Национальных реестров идентификационных номеров» Күшін жойған
Басқа 0
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 343 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 343 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 156-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесі:
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
«15-1. Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілетін «Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) органдары, олардың ұйымдары мен АХҚО-ның қатысушылары туралы мәліметтер тізбесі АХҚО-ның актілерінде айқындалады.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.