О внесении изменения в решение Есильского районного маслихата от 27 ноября 2007 года № 4/3 «Об утверждении Правил «О порядке оказания помощи малообеспеченным гражданам (семьям) на оплату содержания жилья потребления коммунальных услуг и телефонной абонентской связи» Қолданыста
Басқа 0
Есіл аудандық мәслихатының 2007 жылғы 27 қарашадағы №4/3 «Қамтылуы нашар азаматтарға (от басыларына) тұрғын үйін ұстауға, коммуналдық қызмет және телефон абоненттік байланысын тұтынуын төлеуге көмек көрсету реті туралы Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерту енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 «Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Есіл аудандық мәслихатының 2007 жылғы 27 қарашадағы №4/3 шешімімен бекітілген «Қамтылуы нашар азаматтарға (от басыларына) тұрғын үйін ұстауға, коммуналдық қызмет және телефон абоненттік байланысын тұтынуын төлеуге көмек көрсету реті туралы» Ережесіне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 1-11-76 нөмірімен тіркелген, 10 желтоқсан 2007 жылы аудандық “Жаңа Есіл” газетінде жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:
2 тараудың 8 тармағындағы «20» цифры «11» цифрына ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысы, Есіл аудандық әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және оны бірінші рет ресми жариялаған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Келісілді
Есіл ауданының әкімі
С.Ерин
«26» қыркүйек 2008 жыл
Ауданның жұмыстылық
және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің
бастығы В.Чернецкая
«26» қыркүйек 2008 жыл