О внесении изменений и дополнения в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 27 марта 2008 года N 5/71-IV "Об установлении ставок платы за эмиссии в окружающую среду на 2008 год по Южно-Казахстанской области" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2008 жылға қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 27 наурыздағы N 5/71-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-бабының 6 тармақшасына , 101-бабының 4-тармағына , «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 462-бабына , «Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1314 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 344 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2008 жылға қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 27 наурыздағы № 5/71-IV шешіміне (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Реестірінде № 1975 тіркелінген, 2008 жылғы 3 сәуірде «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: преамбулада: 5) тармақшасына деген сөздері 6) тармақшасына деген сөздермен ауыстырылсын; аталған шешімнің қосымшасында: ескертпеде: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 2) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ставкаларына: энергия өндіруші ұйымдар; табиғи монополия субъектілері үшін коммуналдық қызметтерді көрсеткен кезде түзілетін эмиссия көлемі үшін мынадай коэффиценттер енгізіледі 1 0,3 коэффиценті; 2 0,43 коэффиценті; 4 0,25 коэффиценті; мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: 5) ескертпенің 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жеңілдетілген коэффиценттерді қолдану қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтен тыс көлемі үшін төлемдерге қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.