О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 августа 2009 года № 115 "Об утверждении формы заявления и перечня документов, представляемых организацией, управляющей имущественными правами на коллективной основе, для прохождения аккредитации" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысанын және құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы epeжeсінің 19-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысанын және құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5761 болып тіркелген, 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 146 (1569) "Заң газеті" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын құжаттар тізбесінде: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "3) құрылтай құжаттарының, ұйымды заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмелері;" 4) тармақша алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.