О внесении изменений в постановление акимата района от 27 января 2009 года № 38/1 "Об утверждении инструкции "О социальных выплатах отдельным категориям граждан района в 2009 году" Қолданыста
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы "2009 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем ақы туралы" нұсқаулықты бекіту туралы" № 38/1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы "2009 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем ақы туралы" нұсқаулықты бекіту туралы" № 38/1 қаулысымен бекітілген "2009 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлем ақы туралы" нұсқаулығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-12-63 тіркелген, 2009 жылы 27 ақпанда "Сельские будни" газетінде № 8 жарияланған), аудан әкімдігінің 2009 жылғы 13 наурыздағы № 73/3, "Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы "2009 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем ақы туралы" нұсқаулықты бекіту туралы" № 38/1 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-12-66 тіркелген, 2009 жылы 28 наурыздағы "Сельские будни" газетінде № 12 жарияланған) (бұдан әрі - Нұсқаулық) келесі өзгерістер енгізілсін:
нұсқаулықтың 2 тармағы 27) тармақшасының "2 АЕК мөлшерінде" деген сөздер алып тасталсын;
нұсқаулықтың 2 тармағы 28) тармақшасында "табыстары ең аз күнкөрістік шамадан аспайтын" деген сөздері алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күн өткен соң қолданысқы енгізіледі.