О внесении изменений и дополнений в постановление акимата района от 27 января 2009 года № 43/1 "О дополнительных мерах по социальной защите граждан Успенского района в сфере занятости в 2009 году Қолданыста
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы "2009 жылы Успен ауданында жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар туралы" № 43/1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28 бабына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға көмек көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы "2009 жылы Успен ауданында жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар туралы" № 43/1 қаулысының 2 тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-12-64 тіркелген, 2009 жылдың 21 наурызда "Сельские будни" газетінде № 11 жарияланған) (бұдан әрі - Қаулы):
мына мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: "3) бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім оқу орындарының түлектері үшін жұмыс берушілермен шарт бойынша жастар тәжірибесін ұйымдастыру";
Қаулының қосымшасы мына мазмұндағы 6 тармақпен толықтырылсын "бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім оқу орындарының түлектері".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.В. Ильинаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен 10 күн өткен соң қолданысқа енеді.