О внесении дополнений и изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 февраля 2009 года № 89 "Об утверждении Правил составления и предоставления бюджетной отчетности государственными учреждениями и администраторами бюджетных программ" Қолданыста
Басқа 0
«Мемлекеттік мекемелердің және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процессін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 263-ІV Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік мекемелердің және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5612 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық және мемлекеттік органдарында нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде 2009 ж., № 5, 344-б. жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
85-тармағының 3) тармақшасының үшінші абзацында:
«нақтыланған» деген сөзден кейін «баланстардың деректерімен» деген сөздермен толықтырылсын;
«25» деген сан «12» деген санмен ауыстырылсын;
«қаржы жылымен» деген сөздерден кейін «бюджет есептілігін ұсыну мерзімінің кестесіне сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.