О внесении изменений в постановление акимата города Тараз от 27 декабря 2010 года № 1107 "Об организации общественных работ в 2011 году" Қолданыста
Басқа 0
Тараз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы "2011 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 1107 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5 тармағына, 20-бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекiтiлген «Қоғамдық жұмысты ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесiне» сәйкес, жұмыссыздар үшiн қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тараз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы «2011 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 1107 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-1-124 болып тіркелген, 2011 жылғы 10 ақпандағы № 6 «Жамбыл Тараз» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасындағы:
1 жолдағы «250» деген сандар «355» деген сандарымен ауыстырылсын;
«Барлығы» деген жолда «320» деген сандар «425» деген сандарымен, «281» деген сандар «386» деген сандарымен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 сәуірінен туындайтын қатынастарға таралады.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Күлімхан Майлыбекқызы Тоғызбаеваға жүктелсін.