О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 мая 2010 года № 171 "Об утверждении Инструкции по проведению юридической экспертизы договоров займа, заключаемых под гарантии Республики Казахстан" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 27 мамырдағы № 171 "Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалатын заем шарттарына заңдық сараптау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері туралы ережесінің 14-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 27 мамырдағы № 171 «Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалатын заем шарттарына заңдық сараптау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6306 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының актілері жинағында жарияланған, 2009 жыл, № 9) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалатын заем шарттарына заңдық сараптау жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
Тармақ 5
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 5
«5. Заңдық баға (legal opinion) оны беру туралы өтінім тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде жүзеге асырылады.».
Тармақ 2
2. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.