О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 27 января 2011 года № 1144 "Об объявлении 2011 года Годом 20-летия Независимости Республики Казахстан" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.07.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 1144 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. «2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 1144 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында: реттік нөмірі 64-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), ҚМ»; реттік нөмірі 67-жол алып тасталсын; реттік нөмірі 97-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), ҚМ»; Ескертпеде: «ҚНРА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі» және «АӨҚО - Қазақстан Республикасындағы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі» деген жолдар алып тасталсын; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ - «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі»; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына: Ермегияев                    - Қазақстан Республикасының Туризм Талғат Амангелдіұлы            және спорт министрі, Мұсаханов                    - Алматы облысының әкімі Анзар Тұрсынханұлы енгізілсін; мына: «Саудабаев                   - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Қанат Бекмырзаұлы              хатшысы - Сыртқы істер министрі, Комиссия төрағасы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Саудабаев                   - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Қанат Бекмырзаұлы              хатшысы, Комиссия төрағасы»; көрсетілген Комиссия құрамынан Т.М.Досмұхамбетов, С.Ә.Үмбетов шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті                                 Н. Назарбаев