О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 27 мая 2011 года № А-5/190 "Об установлении размера и границ охранной зоны, вида режима и порядка природопользования на территории охранной зоны Государственного национального природного парка "Кокшетау" в Акмолинской области" Қолданыста
Басқа 0
"Ақмола облысында "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі күзет аймағының аумағында режим түрін және табиғатты пайдалану тәртібін, күзет аймағының көлемі мен шекараларын белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің
2011 жылғы 27 мамырдағы № А-5/190 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақмола облысында «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі күзет аймағының аумағында режим түрін және табиғатты пайдалану тәртібін, күзет аймағының көлемі мен шекараларын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № А-5/190 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3393 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 шілдеде «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
2-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«2. Ақмола облысында «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі күзет аймағының аумағында «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес шаруашылық қызметтің реттелетін режимі белгіленсін.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.