О внесении изменения в постановление акимата города Алматы от 27 июня 2012 года № 2/571 "Об установлении единого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городских сообщениях" Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласы әкімдігінің
«Қалалық қатынастарындағы жолаушылар
мен жүкті тұрақты автомобильмен
тасымалдаудың бірыңғай тарифін
белгілеу туралы» 2012 жылғы 27
маусымдағы № 2/571 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Қалалық қатынастарындағы жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобильмен тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы» 2012 жылғы 27 маусымдағы № 2/571 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 941 болып тіркелген, 2012 жылғы 10 шілдеде «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған қаулының кіріспесі келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасының 41 тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
Тармақ 2
2. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 2015 жылдың 1 қазанынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.