О внесении дополнений в постановление акимата района от 27 февраля 2012 года № 55/1 "О квотировании рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций по Щербактинскому району на 2012 год" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 27 ақпандағы "Шарбақты ауданы бойынша 2012 жылы бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелет жасқа толмаған түлектеріне жұмыс орындарын квоталау туралы" № 55/1 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1–тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5) тармақшасына, 5 бабының 2 тармағына сәйкес жұмысқа орналастыруға мұқтаж бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелет жасқа толмаған түлектерін жұмыспен қамту және жұмысқа қабылдауға көмек көрсету мақсатында, Шарбақты ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 27 ақпандағы "Шарбақты ауданы бойынша 2012 жылы бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелет жасқа толмаған түлектеріне жұмыс орындарын квоталау туралы" № 55/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-13-143 тіркелген, 2012 жылғы 26 сәуірдегі аудандық № 17 "Трибуна" газетінде жарияланған) қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін: тақырыбында "2012 жылы" деген сөздерінен кейін "қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ" деген сөздерімен толықтырылсын; 1 тармақта "бас бостандығынан" деген сөздерінің алдында "қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ" деген сөздерімен толықтырылсын; 2 тармақта "мемлекеттік мекемесі" деген сөздерінен кейін "қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ" деген сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бақтылы Қайырбекқызы Қалыбаеваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.