О внесении изменений в постановление акимата города Атырау от 27 апреля 2012 года № 598 "Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года" Қолданыста
Басқа 0
Атырау қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 598 "2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21 бабын басшылыққа алып, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атырау қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 598 "2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4-1-161 болып тіркеліп, 2012 жылдың 12 мамырында облыстық "Атырау" газетінің № 53 (19437) санында жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының 2 тармағымен бекітілген әскери қызметке шақыруды жүргізу жөніндегі қалалық шақыру комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) құрамына (қосымшаға сәйкес):
қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарманың бастығы Сейткерим Сапарбайұлы Арапбаев;
қалалық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Әлібек Үмбетұлы Қайыров енгізілсін.
Комиссия құрамынан:
Диас Сирдашевич Хевизов және Жанболат Әділгерейұлы Қайралапов шығарылсын, әрі қарай мәтін бойынша.
Тармақ 2
2. Қала әкімі аппараты осы қаулының Атырау қалалық әкімдігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.С. Қарабаеваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Қалалық әкімдіктің
2012 жылғы 19 қарашадағы
№ 1823 қаулысымен бекітілген
қосымша
Әскери қызметке шақыруды жүргізу жөніндегі қалалық шақыру комиссиясының құрамы
Айжан Сарсенқызы
Қарабаева
- қала әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы;
Сейткерим
Сапарбайұлы
Арапбаев
- қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарманың
бастығы, Комиссия төрайымының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Әлібек Үмбетұлы
Қайыров - қалалық ішкі істер басқармасы бастығының
орынбасары (келісім бойынша);
Гүлнәр
Хасанғалиқызы
Құлғалиева
- № 2 қалалық емхананың бас дәрігерінің
орынбасары, қалалық дәрігерлік комиссияның
төрайымы (келісім бойынша);
Қалжан Төлеуқызы Дүйсалиева - медбике, комиссия хатшысы.