О внесении изменения в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 27 марта 2012 года № 78-п «Об утверждении Правил согласования планов и программ развития территорий, стратегических планов местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы до их утверждения с уполномоченным органом в области охраны окружающей среды» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларын оларды бекіткенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 78-ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларын оларды бекіткенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 78-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7600 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 23 маусымда № 339-345 (27419) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларын оларды бекіткенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Қағидалар 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 98-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.