О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 июня 2012 года № 858 "Об утверждении перечня национальных институтов развития, национальных компаний и других юридических лиц, более пятидесяти процентов голосующих акций (долей участия) которых принадлежат Фонду национального благосостояния на праве собственности или доверительного управления, в отношении которых не распространяется законодательство Республики Казахстан об инвестиционных фондах" Күшін жойған
Басқа 0
"Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, оларға қатысты Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасы қолданылмайтын ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 858 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, оларға қатысты Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасы қолданылмайтын ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 858 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 59, 817-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, оларға қатысты «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданылмайтын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы»;
кіріспе және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, оларға қатысты «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданылмайтын ұйымдардың тізбесі бекітілсін»;
көрсетілген қаулымен бекітілген дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, оларға қатысты Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасы қолданылмайтын ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, оларға қатысты «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданылмайтын ұйымдардың тізбесі».
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2013 жылғы 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.