О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 февраля 2013 года № 187 "Об утверждении Единой карты приоритетных товаров и услуг" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 187 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 187 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 18, 309-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасында: «Химия өнеркәсiбi саласының басым тауарлары (тауар топтары) мен қызметтерiнiң тiзбесi» деген 4-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-жолмен толықтырылсын: « 8 Ин­жи­ни­ринг­тік қыз­мет­тер және ғы­лы­ми зерт­те­улер мен әзір­ле­ме­лер жө­нін­де­гі қыз­мет­тер »; «Көлік-коммуникациялық кешен саласындағы тауарлар (тауар топтары) мен қызметтердің тізбесі» деген 7-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 2, 3, 4 және 5-жолдармен толықтырылсын: « 2 Жүр­дек те­мір­жол ма­ги­страль­да­ры үшін сұ­ра­ны­сқа ие рель­стер шы­ға­ру 3 Қа­зақ­стан­ның те­мір жол­да­ры­на ар­нал­ған ба­ғыт­та­ма­лы өнім­дер шы­ға­ру 4 Тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­қа қыз­мет көр­се­ту 5 Ме­талл өң­де­у­ші және дәне­кер­ле­у­ші жаб­дық­тар­ға қыз­мет көр­се­ту »; «Мұнай және газ саласындағы тауарлар (тауар топтары) мен қызметтердің тізбесі» деген 8-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-жолдармен толықтырылсын: « 7 Гео­фи­зи­ка­лық қыз­мет­тер 8 Ұң­ғы­ма­лар­ды пер­фо­ра­ци­я­лау 9 Суа­сты жабды­ғы және ұң­ғы­ма­лар­ды те­сті­леу 10 Ұң­ғы­ма­лар­ды қыш­қыл­мен өң­деу 11 Ұң­ғы­ма­лар­ды ка­ро­таж­дау 12 Жо­ға­ры тех­но­ло­ги­я­лы бұр­ғы­лау ер­т­ін­ді­ле­рі 13 Қа­ша­у­лар өн­ді­рі­сі және олар­ға қыз­мет көр­се­ту 14 Ұң­ғы­ма­лар­ды це­мент­теу 15 Ав­то­мат­ты бас­қа­ру, ба­қы­лау-өл­шеу жаб­дық­та­ры­ның қа­уіп­сіз­ді­гі жүй­е­ле­рін жо­ба­лау, әзір­леу, өн­ді­ру және олар­ға тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту 16 Бұ­ран­да­лы сор­ғы­лар­ды, газ та­ра­ту пункт­те­рі­нің өн­ді­рі­сін ұй­ым­да­сты­ру және олар­ға қыз­мет көр­се­ту 17 Гео­ло­ги­я­лық бар­лау 18 Бұр­ғы­лау жұ­мыста­ры жө­нін­де­гі қыз­мет­тер (оның ішін­де те­ң­із­дік бұр­ғы­лау, көл­де­нең бұр­ғы­лау) 19 Сей­смо­ло­ги­я­лық бар­лау ».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.