О внесении изменений и дополнений в решение Петропавловского городского маслихата от 27 декабря 2013 года № 6 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» Петропавл қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Респуликасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» («Қызылжар Нұры» және «Проспект СК» газеттерінде 2014 жылғы 29 қаңтарда жарияланған, мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 2515 болып тіркелген) Петропавл қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 6 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 3-қосымшаның 15) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын: «Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектері, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалардың, қымбат металлдардан және металл-керамика, металл-акрилден протездерді қосапағанда 70 (жетпіс) айлық көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомаға тіс протездеу мұқтаждығы». Осы шешімнің қосымшасына сәйкес 2-қосымша жаңа редакцияда баяндалсын; Осы Қағидалар 20-1-тармағымен толықтырылсын:
Тармақ 20-1
«20-1. Осы Қағидаларға 3-қосымшасының 22) тармақшасында көрсетілген негіздегі әлеуметтік көмек, өтініш берушіге бір жолғы төлем ретінде жеке тұрғын үй салуға арналған сүрек түбірі құнының елу пайызы төленеді.». 3-қосымша 22) тармақшамен толықтырылсын: «Соғыс мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктері бойынша соғыс қатысушыларына теңестірілген басқа да тұлғалар санатына, берілген анықтама негізінде сүрек түбірімен қырық тығыз текше метрден артық болмайтын мөлшерде беріледі.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Солтүстік Қазақстан облысының әкімі __________________ Қ. Ақсақалов 2018 ж «26» қаңтар
Басқа 4
Қалалық мәслихаттың 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 2 шешіміне қосымша Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 6 шешіміне 2-қосымша № р/р Алушы санаттардың тізімі Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері Әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері 1 2 3 4 1. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірмей