О внесении изменений в решение районного маслихата от 27 ноября 2013 года №154-V «Об установлении перечня памятных дат и праздничных дней, кратности оказания социальной помощи и установление размера социальной помощи для отдельно взятой категории получателей» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 27 қарашадағы №154-V «Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерлерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес және аудандық әкімдіктің 2015 жылғы 23 ақпандағы №48 қаулысын қарап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 27 қарашадағы №154-V «Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселегін және әлеуметтік көмек мөлшерлерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №2803 санымен тіркелген, «Дендер» газетінде 2013 жылы 19 желтоқсанда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 2-қосымшасының: 1-жолдағы «100 000» деген сандар «200 000» деген сандармен ауыстырылсын; 5-жолдағы «5 000» деген сандар «25 000» деген сандарман ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың әлеуметтік, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, жастар ісі, құқық қорғау, депутат этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Доспаева) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін күшін сақтайды.