О внесении изменения в решение акима Байганинского района от 27 января 2014 года № 1 «Об образовании избирательных участков на территории Байганинского района» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Байғанин ауданы әкімінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 1 «Байғанин ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Байғанин ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Байғанин ауданы әкімінің «Байғанин ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3775 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: № 199, № 203, № 212 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақша 1
1) «№ 199 сайлау учаскесі Жарлы ауылы, Ардагерлер көшесі, № 7, Жарлы ауылдық клубының ғимараты. Сайлау учаскесiнiң шекаралары: Жарлы, Жыңғылдытоғай ауылдары, № 174 разъезд және осы елді мекенге қарасты барлық қоныстар.»;
Тармақша 2
2) «№ 203 сайлау учаскесі Ебейті ауылы, Жағалау көшесі, № 2, «Ақтөбе облысының білім басқармасы Байғанин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қопа орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Сайлау учаскесiнiң шекаралары: Ебейті, Көптоғай ауылдары және осы елді мекенге қарасты барлық қоныстар.»;
Тармақша 3
3) «№ 212 сайлау учаскесі Бұлақтыкөл ауылы, Соркөл көшесі, № 3А, «Ақтөбе облысының білім басқармасы Байғанин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бұлақтыкөл орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Сайлау учаскесiнiң шекаралары: Бұлақтыкөл ауылы және осы елді мекенге қарасты барлық қоныстар.».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байғанин ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы