О внесении изменения в решение акима Байганинского района от 27 января 2014 года № 1 «Об образовании избирательных участков на территории Байганинского района» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Байғанин ауданы әкімінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 1 «Байғанин ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Байғанин ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Байғанин ауданы әкімінің «Байғанин ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3775 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: № 211 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын: «№ 211 сайлау учаскесі Жаңатаң ауылы, Қаратас көшесі, № 4, «Ақтөбе облысының білім басқармасы Байғанин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «С. Ешбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Сайлау учаскесiнiң шекаралары: Жаңатаң ауылы және осы елді мекенге қарасты барлық қоныстар.».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байғанин ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы