О внесении изменения в решение маслихата от 27 февраля 2014 года № 207 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Косаральского сельского округа Федоровского района Костанайской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2014 жылғы 27 ақпандағы № 207 «Қостанай облысы Федоров ауданы Қосарал ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 27 ақпандағы № 207 «Қостанай облысы Федоров ауданы Қосарал ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4566 тіркелген, 2014 жылғы 24 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қосарал ауылдық округінің әкімі ____________ А. Байқадамова
Басқа 3
Мәслихаттың 2016 жылғы «22» желтоқсандағы № 83 шешіміне қосымша Мәслихаттың 2014 жылғы «27» ақпандағы № 207 шешіміне қосымша Қостанай облысы Федоров ауданы Қосарал ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы Елді мекеннің атауы Қостанай облысы Федоров ауданы Қосарал ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам) Қостанай облысы Федоров ауданы Қосарал ауылдық округінің Кеңарал ауылының тұрғындарына 69 Қостанай облысы Федоров ауданы Қосарал ауылдық округінің Жыланды ауылының тұрғындарына 10