О внесении изменений в решение Жамбылского областного маслихата от 27 марта 2014 года № 22-9 «Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений в населенных пунктах Жамбылской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жамбыл облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы №22-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 4-2 тармақшасына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты шешIм Қабылдады:
Тармақ 1
1. «Жамбыл облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп- ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 22-9 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2199 болып тіркелген, «Ақ жол» газетінде 2014 жылғы 15 мамырдағы № 70-71 (17927-17928) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: осы шешімнің мәтініндегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына» деген сөздер алынып тасталсын. Осы шешімге қоса беріліп бекітілген Жамбыл облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларындағы «Жалпы ережелер» 1 бөлімнің 1 тармағында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына» деген сөздер «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің 386-бабына» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, экология, табиғатты пайдалануды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.