О внесении изменения в решение Нуринского районного маслихата от 27 марта 2014 года № 242 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Нуринского района" Күшін жойған
Басқа 0
Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 242 "Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТI:
Тармақ 1
1. Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 242 "Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2614 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырдағы № 18 (5355) "Нұра" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидаларының 7-тармағының екінші бөлігі алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
КЕЛІСІЛДІ:
"Нұра ауданының
жұмыспен қамту әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы Г. Жүпенова
16 қыркүйек 2014 жыл