О внесении изменений в решение Кордайского районного маслихата от 27 января 2014 года № 26-2 «Об утверждении регламента Кордайского районного маслихата» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қордай аудандық маслихатының регламентін бекіту туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 қаңтардағы №26-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі № 190 Жарлығына сәйкес, Қордай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Қордай аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 26-2 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 2119 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда аталған шешіммен бекітілген Қордай аудандық мәслихатының регламентінде: бүкіл мәтін бойынша «мәслихат хатшысы», «мәслихат хатшысының», «мәслихат хатшысы», «мәслихат хатшысына», «мәслихаттың хатшысы», «мәслихат хатшысын», «мәслихатының хатшысы», «жаңа хатшыны», «мәслихаты хатшысының» деген сөздер тиісінше «мәслихат төрағасы», «мәслихат төрағасының», «мәслихат төрағасы», «мәслихат төрағасына», «мәслихаттың төрағасы», «мәслихат төрағасын», «мәслихатының төрағасы», «жаңа төрағаны», «мәслихаты төрағасының» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.