О внесении изменения в постановление акимата Жамбылской области от 27 февраля 2014 года № 26 «Об утверждении Регламента акимата Жамбылской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жамбыл облысы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 26 қаулысына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жамбыл облысы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 26 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2148 болып тіркелген, 2014 жылдың 17 сәуірінде № 41 (17914) «Ақ жол» және № 51-52 (17908-17909) «Знамя труда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жамбыл облысы әкімдігінің Регламентiнде: 24 тармақтың 1 бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «24. Әзiрлеушi осы жобаны қабылдау қажеттiлiгiн, ол қабылданған жағдайда, әлеуметтiк-экономикалық салдарын, оны iске асырумен байланысты болжанып отырған қаржы шығыстары негізделген түсiндiрме жазбаны, сондай-ақ бұл мәселе бойынша бұрын әкiмдіктің және әкiмнiң қандай актiлерi қабылданғаны және олардың қалай орындалғаны туралы мәлiметтердi, ал нормативтік құқықтық актілер жобалары бойынша сонымен бірге жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіге оның жобасы интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғанын (таратылғанын) растайтын құжаттың және сараптамалық қорытынды көшірмесін, жүргізілуі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тиісті сараптамалық қорытындылар көшірмесін мiндеттi түрде жобаға қоса бередi.».
Тармақ 2
2. Облыс әкімі аппаратының құжаттама және бақылау бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Р.Рахманбердиевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.