О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2014 года № 271 «Об утверждении Правил определения фиксированных тарифов и предельных аукционных цен» Күшін жойған
Басқа 0
«Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. «Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 24, 180-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларында:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Шетелдік валютада кредиттік міндеттемелері бар жобалар үшін аукциондық бағалар инфляцияны және ұлттық валютаның айырбасталатын валюталарға шаққандағы айырбастау бағамының өзгеруін ескере отырып, жылына бір рет 1 қазанға мынадай формула бойынша индекстеледі:
Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, азаю жағына қарай толық тиынға дейін дөңгелектелген, индекстелген аукциондық баға;
Тt – егер бұрын индекстеу жүргізілген болса, сол индекстеу ескерілген аукциондық баға;
ТБИt– мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілген жылғы 1 қазанның алдындағы он екі айға жинақталған тұтыну бағасының индексі;
USDt+1 – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілетін жылғы 1 қазанға теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ағымдағы бағамы;
USDt – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілетін күннің алдындағы он екі ай кезеңіне есептелген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.