О внесении изменения в решение маслихата от 27 ноября 2014 года № 279 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 279 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 279 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5247 тіркелген, 2015 жылғы 15 қаңтарда «Федоровские новости» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «2. Тұрғын үй көмегін «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы - Қостанай облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Федоров аудандық бөліміне (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүгінеді немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы баламалы негізінде өтінішпен және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 тіркелген) мемлекеттік қызмет стандартының  9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.»;
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы ____________ Т. Волоткевич «27» ақпандағы 2018 жыл «КЕЛІСІЛДІ» «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы ____________ С. Завощенко «27» ақпандағы 2018 жыл