О внесении изменения в решение маслихата от 27 ноября 2014 года № 279 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 279 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына сәйкес Фёдоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» 2014 жылғы 27 қарашадағы № 279 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5247 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 15 қаңтарда «Федоровские новости» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында: 1 - тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ «Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеменің басшысы ________________ Т. Волоткевич «24» ақпандағы 2015 жыл «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекеменің басшысы ________________ В. Гринак «24» ақпандағы 2015 жыл