О внесении изменения в решение маслихата от 27 ноября 2014 года № 279 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Федоровском районе» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 279 «Федоров ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың «Федоров ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2014 жылғы 27 қарашадағы № 279 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5247 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс еңгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «6. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.