О внесении изменении в решение Шардаринского районного маслихата от 27 июня 2014 года № 29-189-V «Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей города районного значения, села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества в Шардаринском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Шардара аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 29-189-V «Шардара ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шардара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Шардара аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы №29-189-V «Шардара ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін;
Тармақша 1
1) шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Шардара ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы».
Тармақша 2
2) көрсетілген шешімнің 1- тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Шардара ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін».
Тармақша 3
3) аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Шардара ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі
Шардара аудандық мәслихатының
2022 жылғы 09 ақпандағы
№15-89-VII шешіміне қосымша
Шардара аудандық мәслихатының
2014 жылғы 27 маусымдағы
№ 29-189-V шешімімен бекітілген
Шардара ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3 бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және аудандық маңызы бар қала, ауыл, шағын аудан, көше тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің аумағындағы, ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тарау 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы бар қаланың, ауылдық округтiң әкiмдерімен шақырылады және ұйымдастырылады.
Тармақ 4
4. Жергiлiктi қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе Шардара ауданы әкімдігінің ресми сайтына олар өткiзiлетiн күнге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей хабардар етiледi.
Тармақ 5
5. Ауыл, шағын аудан, көше, көп пәтерлі тұрғын үй шегiнде бөлек жиынды өткiзудi аудандық маңызы бар қаланың және ауылдық округтiң әкiмiмен ұйымдастырылады.
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиiстi ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тiркеу жүргiзiледi.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілкті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға ашады.
Аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсiмдеу үшiн ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, шағын аудан, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Шардара аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, шағын аудан, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбiр кандидатура бойынша дербес жүргiзiледi. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледi.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргiзiледi, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны аудандық маңызы бар қала және ауылдық округ әкiмiнiң аппаратына бередi.
Тарау 3. 3. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
3. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
Тармақ 11
11. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны төмендегідей айқындалады:
жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны:
халық саны 2000 адамға дейінгі елді мекендерде 2 өкілге дейін;
халық саны 2000 мен 4000 адам аралығындағы елді мекендерде 3 өкілге дейін;
халық саны 4000 адамнан жоғары елді мекендерде 4 өкілге дейін.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны:
құрамына 1-3 ауыл енетін ауылдық округтерде 10 өкілге дейін;
құрамына 4-6 ауыл енетін ауылдық округтерде 15 өкілге дейін;
құрамына 7-9 ауыл енетін ауылдық округтерде 20 өкілге дейін.