О внесении изменений в решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 27 марта 2014 года № 29/173 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел и улиц для участия в сходе местного сообщества Амангельдинского сельского округа Есильского района Северо-Казахстанской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар мен көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 29/173 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар мен көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 29/173 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2724 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: аталған шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; осы шешімнің қосымшасы аталған шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Солтүстік-Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары
Солтүстік-Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы № 17/188 шешіміне 1 қосымша Солтүстік-Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 29/173 шешімімен бекітілген Солтүстік-Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округі аумағында ауыл тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округінің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – ауыл, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округінің әкімі бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді немесе немесе «WhatsApp», «Instagram», «Telegram» мессенджерлерін пайдалану арқылы хабарлама жіберу, сондай-ақ хабарлама жіберу жиналысты шақыру туралы хабарландыруды қағаз түрінде орналастыру және ақпараттық стендтерде арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Ауыл, көше шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны ашылғанға дейін оған қатысуға құқығы бар тиісті ауылдың тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан жағдайда өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам ашады. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының төрағасы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам болып табылады. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын жасау үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындарының өкілдеріне кандидаттарды Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидат бойынша жеке жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын алған кандидаттар сайланды деп есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Солтүстік-Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы № 17/188 шешіміне 2 қосымша Солтүстік-Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 29/173 шешімімен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы № р\с Елді мекен атауы Өкілдер саны (адам) 1. Амангелді ауылының тұрғындары үшін Құрылыс көшесі 3 Мир көшесі 3 Н.Махин көшесі 3 Ыбыраев көшесі 3 Восточная көшесі 3 Целинная көшесі 3 Береговая көшесі 3 Комсомольская көшесі 3 Коммунистическая көшесі 3 Садовая көшесі 3 2. Поляковка ауылының тұрғындары үшін 3 3. Талапкер ауылының тұрғындары үшін 3