О внесении изменения в решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 27 марта 2014 года № 29/173 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел и улиц для участия в сходе местного сообщества Амангельдинского сельского округа Есильского района Северо-Казахстанской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар мен көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 29/173 шешіміне өзгеріс енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар мен көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 29/173 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2724 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: осы шешімнің қосымшасы аталған шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 4/56 шешіміне қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 29/173 шешіміне қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы № р\с Елді мекен атауы Өкілдер саны (адам) 1. Амангелді ауылының тұрғындары үшін Құрылыс көшесі Мир көшесі Н.Махин көшесі Ыбыраев көшесі Восточная көшесі Целинная көшесі Береговая көшесі Абай көшесі Сәбит Мұқанов көшесі Садовая көшесі 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 2. Поляковка ауылының тұрғындары үшін 3 3. Талапкер ауылының тұрғындары үшін 3