О внесении изменений в решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 27 марта 2014 года № 29/184 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Спасовского сельского округа Есильского района Северо-Казахстанской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Спасовка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 29/184 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Спасовка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 29/184 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2732 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: аталған шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Спасовка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар мен көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы»; аталған шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Спасовка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығыың бөлек жиындарын өткізу қағидалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; осы шешімнің қосымшасы аталған шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Спасовка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары
Солтүстік-Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы № 17/199 шешіміне 1 қосымша Солтүстік-Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 29/184 шешімімен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Спасовка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Спасовка ауылдық округі аумағында ауыл тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтарының бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Волошинка ауылдық округінің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Спасовка ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Спасовка ауылдық округінің әкімі жергілікті қоғамдастық халқын ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілерде, ақпараттық стендтерде хабарландыруларды орналастыру арқылы хабардар етеді.
Тармақ 7
7. Ауыл, көше шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Спасовка ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны ашылғанға дейін, оған қатысуға құқығы бар тиісті ауылдың, көшелердің тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан жағдайда өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Спасовка ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам ашады. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының төрағасы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Спасовка ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам болып табылады. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын жасау үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындарының өкілдеріне кандидаттарды Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидат бойынша жеке жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын алған кандидаттар сайланды деп есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Спасовка ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Спасовка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Солтүстік-Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы № 17/199 шешіміне 2 қосымша Солтүстік-Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 29/184 шешімімен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Спасовка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы № п\п Елді мекендердің, көшелердің атаулары Өкілдер саны 1. Спасовка ауылының тұрғындары үшін: 1.1. Новая көшесі 1 1.2. Интернациональная көшесі 1 1.3. Садовая көшесі 2 1.4. Братьев Ткач көшесі 3 1.5 Октябрьская көшесі 3 2. Тауағаш ауылының тұрғындары үшін: 2.1. Жаңа көшесі 3 2.2. Орталық көшесі 3 2.3. Мектеп көшесі 3 3. Сарман ауылы 3