О внесении дополнений в решение Карагандинского городского маслихата от 27 ноября 2014 года № 363 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Караганды» Күшін жойған
Басқа 0
Қарағанды қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды қалалық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы» 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2898 болып тіркелген) келесідей толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында:
Қағидаларының 7 тармағы келесі мазмұндағы 5-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«5-1) Астана күні;»;
Қағидаларының 9 тармағы келесі мазмұндағы 17) тармақшасымен толықтырылсын:
«17) санаторий-курорттық емделуге жеке оңалту бағдарламасы бар, әлеуметтік қызметтер Порталы арқылы санаторий-курорттық емделуге жолдаманы таңдаған он алты жасқа дейiнгi мүгедек балалар, он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi бiрiншi, екiнші, үшiншi топтағы мүгедек балалар мен 1 топтағы мүгедектер.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.