О внесении дополнения в решение Карагандинского городского маслихата от 27 ноября 2014 года № 363 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Караганды» Күшін жойған
Басқа 0
Қарағанды қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды қалалық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы» 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2898 болып тіркелген) келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында:
келесі мазмұндағы 9 тармақ 19) тармақшасымен толықтырылсын:
«19) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар, сонымен қатар көпбалалы отбасы – құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.