О внесении изменения и дополнения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 112 «Об утверждении Правил ведения Государственного реестра объектов национального культурного достояния» Күшін жойған
Басқа 0
«Ұлттық мәдени игілік объектілерінің
мемлекеттік тізілімін жүргізу
қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Мәдениет
және спорт министрінің 2015 жылғы
27 наурыздағы № 112 бұйрығына өзгеріс
пен толықтыру енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10967 болып тіркелген, 2015 жылы 21 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларында:
10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Уәкілетті орган қабылданған шешім туралы ЖАО, жеке және заңды тұлғаларға шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабарлайды.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының сұрауы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша уәкілетті орган Мемлекеттік тізілімге енген немесе шығарылған ҰМИО туралы мәліметтерді 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» және 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі тіралы» Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген тәртіпте және мерзімде береді.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күні ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануға жолдауды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.