О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 112 «Об утверждении Правил ведения Государственного реестра объектов национального культурного достояния» Күшін жойған
Басқа 0
«Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10967 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу қағидалары бекітілсін.»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және
ақпарат министрі
2024 жылғы 24 маусымдағы
№ 265-НҚ бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және
спорт министрінің
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 112 бұйрығымен
бекітілген
Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) қалыптастыру және жүргізу тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік тізілім ұлттық мәдени игілік объектілерін (бұдан әрі – ҰМИО) сақтау және оларға ерекше мән беру мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік тізілімге ел тарихы мен мәдениеті үшін ерекше мәні бар ҰМИО туралы мәліметтер (бұдан әрі – ҰМИО туралы мәліметтер) енгізіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Ұлттық тізбені қалыптастыру және жүргізу тәртібі
2-тарау. Ұлттық тізбені қалыптастыру және жүргізу тәртібі
Тармақ 4
4. Мемлекеттік тізілімді мәдениет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде, қағаз және электрондық жеткізгіштерде жүргізеді.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік тізілімге осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен ҰМИО туралы мәліметтер енгізіледі.
Тармақ 6
6. Мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар жаңа объектілер мен ҰМИО заттарының анықталуына қарай қажетті мәліметтері бар ақпаратты уәкілетті органға береді.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік тізілімді қалыптастыру үшін уәкілетті орган өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын өзінің Интернет-ресурсында тиісті ақпаратты жариялайды.
Тармақ 8
8. Мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар беретін ҰМИО туралы мәліметтер:
Тармақша 1
1) ҰМИО-ның толық атауын;
Тармақша 2
2) ҰМИО-ның сипаттамасын;
Тармақша 3
3) ҰМИО-ның жасалған күнін;
Тармақша 4
4) ҰМИО деректерін;
Тармақша 5
5) ҰМИО-ның шыққан жерін;
Тармақша 6
6) ҰМИО-ның орналасқан жерін;
Тармақша 7
7) ҰМИО-ның фотосуретін қамтиды.
Тармақ 9
9. ҰМИО туралы мәліметтерді уәкілетті орган келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннің ішінде қарайды.
Тармақ 10
10. Мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардан осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген ҰМИО туралы құжаттар топтамасы не (немесе) мәліметтер толық келіп түспеген жағдайда, уәкілетті орган талаптарға сәйкессіздікті анықтаған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды.
Тармақ 11
11. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган талаптарға сәйкестігін айқындаған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ҰМИО туралы құжаттар топтамасын не (немесе) мәліметтерді ұсынымдар алу үшін уәкілетті орган жанынан құрылған тұрақты жұмыс істейтін Мәдениет мәселелері жөніндегі комиссияның мүшелеріне (бұдан әрі – Комиссия) жібереді.
Тармақ 12
12. Комиссия ҰМИО-де ел тарихы мен мәдениеті үшін ерекше мәнінің болуы немесе болмауы туралы ұсынымдық сипатта шешімдер қабылдайды, оны хаттамамен ресімдейді.
Тармақ 13
13. Комиссия хаттамасының негізінде уәкілетті орган осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген мерзім iшiнде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) ҰМИО туралы мәліметтерді Мемлекеттік тізілімге енгізу;
Тармақша 2
2) ҰМИО туралы мәліметтер ел тарихы және мәдениеті үшін ерекше мәні болмағандықтан, Мемлекеттік тізілімге енгізуге жатпайды.
Тармақ 14
14. Уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға қабылданған шешім туралы хабарлайды.
Басқа 1
Ұлттық мәдени игілік
объектілерінің мемлекеттік
тізілімін қалыптастыру және
жүргізу қағидаларына
қосымша
Нысан
Р/с№
ҰМИО-ның атауы
ҰМИО-ның сипаттамасы (қысқаша сипаттамасы, шыққан жері)
ҰМИО-ның жасалған күні
ҰМИО-ның деректері (материалдың атауы, мөлшері, салмағы, саны)
ҰМИО-ның орналасқан жерi
ҰМИО-ның фотосуреті
Тiзiлiм нөмірі
Өзге де мәлiметтер
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Ескертпе: ҰМИО – ұлттық мәдени игілік объектілері