О внесении дополнения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 147 «Об утверждении Правил утверждения предельного тарифа на электрическую энергию и предельного тарифа на услугу по поддержанию готовности электрической мощности» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 147 бұйрығына толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 147 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10627 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидалары: мынадай мазмұндағы 11-2-тармағымен толықтырылсын: «11-2. Уәкілетті орган жеті жылдық кезеңге арналған электр энергиясына шекті тарифті айқындау кезінде, сондай-ақ осы Қағидалардың 11 және 11-1-тармақтарына сәйкес кейінгі жылдарға арналған электр энергиясына шекті тарифті түзету кезінде электр энергиясына шекті тарифтердің тиісті өзгерістерін бекіту алдында оларды Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның қарауына жібереді.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.