О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 149 «Об утверждении Правил разработки, утверждения стратегий развития и планов развития национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний, акционером которых является государство, а также мониторинга и оценки их реализации» Күшін жойған
Басқа 0
«Акционері мемлекет болып
табылатын ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық холдингтердің,
ұлттық компаниялардың даму
стратегиялары мен даму
жоспарларын әзірлеу, бекіту,
сондай-ақ олардың іске асырылуын
мониторингілеу және бағалау
қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің 2015 жылғы
27 ақпандағы№ 149 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10663 тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 сәуірде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларына 2-қосымшаға:
Компанияны корпоративтік басқару құрылымы (акциялар пакетінің (қатысу үлесінің) мөлшерін көрсете отырып, Компанияның акциялары (қатысу үлестері) өзіне тиесілі заңды тұлғаларға қатысуы деген 1.2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1.2. _________ жағдай бойынша Компания тобының, оның тобына кіретін барлық, оның ішінде Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын ұйымдарды көрсете отырып, корпоративтік құрылымы:
2-нысан
Компания
Бірінші деңгейдегі ұйымдар
Екінші деңгейдегі ұйымдар
n деңгейдегі ұйымдар
ҰҚН
БСН
атауы
акциялардың % (қатысу үлестері)
ҰҚН
БСН
атауы
акциялардың % (қатысу үлестері)
ҰҚН
БСН
атауы
акциялардың % (қатысу үлестері)
ҰҚН
БСН
атауы
акциялардың % (қатысу үлестері)
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің саны туралы жиынтық ақпарат
ҰҚН
Еншілес ұйымдар
Бірінші деңгейдегі ұйымдар
Екінші деңгейдегі ұйымдар
Үшінші деңгейдегі ұйымдар
n деңгейдегі ұйымдар
Жиыны
АҚ
ЖШС
Өзге де ҰҚН
Жиыны
».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 18 тамыз