О внесении изменения в приказ и.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-02/164 «Об утверждении цен на товары (работы, услуги), производимые и (или) реализуемые субъектом государственной монополии в области лесоустройства» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Орман орналастыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/164 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Орман орналастыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/164 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 мамырда № 10960 тіркелді) бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін: жоғарыдағы көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман орналастыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0. Орман орналастыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі 2023 жылғы 16 мамырдағы № 149 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/164 бұйрығымен бекітілген Орман орналастыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары № п/п Орман орналастыру жұмыстарының атауы Бағалар (1 гектар үшін теңгемен) ҚҚС есебінсіз Бағалар (1 гектар үшін теңгемен) ҚҚС - мен Дайындық жұмыстары 1. I разрядты орман орналастыру (жазық ормандар) 29,5 33,0 2. II разрядты орман орналастыру (таулы ормандар) 21,6 24,2 3. III разрядты орман орналастыру, зерттеу (шөлді ормандар) 3,5 3,9 Далалық жұмыстары 1. I разрядты орман орналастыру (жазық ормандар) 432,7 484,6 2. II разрядты орман орналастыру (таулы ормандар) 299,7 335,7 3. III разрядты орман орналастыру, зерттеу (шөлді ормандар) 42,9 48,0 Камералдық жұмыстары 1. I разрядты орман орналастыру (жазық ормандар) 155,3 173,9 2. II разрядты орман орналастыру (таулы ормандар) 114,3 128,0 3. III разрядты орман орналастыру, зерттеу (шөлді ормандар) 11,2 12,5