О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Жамбылской области от 27 августа 2015 года № 216 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача паспорта готовности энергопроизводящим и энергопередающим организациям к работе в осенне-зимний период» Күшін жойған
Басқа 0
«Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 27 тамыздағы № 216 қаулысына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 216 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2785 болып тіркелген, 2015 жылдың 10 қазанында «Ақ жол» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіде:
1) 5-тармағының 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды толық көлемде ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде материалдарды энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініштерді қарау жөніндегі комиссияға (бұдан әрі - комиссия) енгізеді;
5) комиссия 10 (он) күнтізбелік күн ішінде әзірлік паспортын алуға ұсынылған материалдарды зерделейді және мынадай дәйекті шешімдердің бірін қабылдайды:
әзірлік паспортын беру;
әзірлік паспортын ескертулермен беру;
әзірлік паспортын беруден бас тарту;»
2) 8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
көрсетілетін қызметті берушілерге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттардың толық болмаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.».
3) Қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
Тармақ 2
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға;
Тармақша 3
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.