О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 апреля 2015 года № 244 «Об утверждении типовых правил о региональном форуме молодежи» Күшін жойған
Басқа 0
«Өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 244 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 244 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11153 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 маусымында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидаларында:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Делегациялардың сандық құрамы Қазақстан Республикасы жастарының жалпы санынан әр ауданның (облыстық маңызы бар қала) жастары санының пайыздық арақатынасына байланысты қалыптастырылады. Форумға қатысу үшін саяси партиялардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, жастар ресурстық орталықтарының, оқу орындарының, мүдделі мемлекеттік органдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Форум делегаттарының жалпы санының жиырма пайызынан аспайтын көлемде қосымша шақырылады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамаларында бекітілген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.