О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 249 «Об утверждении форм сведений для приложения к уведомлению о начале турагентской деятельности, деятельности гида, экскурсовода и инструктора туризма, осуществляющих деятельность в Республике Казахстан в качестве индивидуальных предпринимателей» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 249 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 249 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11209 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсия жүргізуші және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысандарын бекіту туралы» 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1) 1-қосымшаға сәйкес турагенттік қызметтің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысаны; 2) 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын гид қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысаны; 3) 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын экскурсия жүргізуші қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысаны; 4) 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысаны бекітілсін.»; көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында қолданысқа енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ақпаратты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің жетекшілік ететін министрдің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
Басқа 1. Турагенттік қызметтің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер нысаны
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі 2026 жылғы 14 шілдедегі № 124 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 249 бұйрығына 1-қосымша Нысан Турагенттік қызметтің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер нысаны Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет–ресурстарда орналастырылған: www.tsm.gov.kz и www.elisence.kz Әкімшілік нысанның атауы: «Турагенттік қызметтің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер» Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-КТГ Кезеңділік: біржолғы Есепті кезең: __ күн __ ай ____ жыл Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: туристік агенттіктердің қызметін бастайтын жеке және заңды тұлғалар Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: туристік агенттіктердің қызметінің басталғаны туралы құжаттарды беру кезінде ЖСН/БСН (деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды) Жинау әдісі: электронды түрде № п/п Туризмнiң ұйымдық нысандары Кеңсенің орналасқан жері Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің қатысушысы шығу туризмі келу және/немесе ішкі туризм мекен-жайы иә/жоқ 1 2 3 4 5 Телефон_____________________________________________ Электрондық пошта мекенжай __________________________ Орындаушы ______________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға__________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы Мөр басатын орын_______________________________ (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)
Басқа 1.1. «Турагенттік қызметтің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер» туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Турагенттік қызметтің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер нысанына қосымша «Турагенттік қызметтің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер» туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Тармақ 1
1.1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 2
2.2-бағанда шығу туризмінің ұйымдық нысаны көрсетіледі.
Тармақ 3
3.3-бағанда келу/ішкі туризмінің ұйымдық нысаны көрсетіледі.
Тармақ 4
4.4-бағанда кеңсенің мекенжайы көрсетіледі.
Тармақ 5
5.5-бағанда Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің қатысушысы көрсетіледі: иә__ / жоқ__.
Басқа 2. Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын гид қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер нысаны
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі 2026 жылғы 14 шілдедегі № 124 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 249 бұйрығына 2-қосымша Нысан Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын гид қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер нысаны Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурстарда орналастырылған: www.tsm.gov.kz и www.elisence.kz Әкімшілік нысанның атауы: «Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын гид қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер» Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-КТГ Кезеңділік: біржолғы Есепті кезең: __ күн __ ай ____ жыл Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Қазақстан Республикасында туристік гид қызметін бастайтын кәсіптік даярланған жеке тұлғалар Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: туристік гид қызметінің басталғаны туралы құжаттарды беру кезінде ЖСН (деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды) Жинау әдісі: электронды түрде № п/п Ақпараттық және (немесе) ұйымдастырушылық қызметтерін көрсететін өңір (ӘАОЖ бойынша орналасқан жерінің коды) Ақпараттық және (немесе) ұйымдастырушылық қызметтерін көрсететін тіл(-дері) 1 2 3 Телефон_____________________________________________ Электрондық пошта мекенжай __________________________ Орындаушы _________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға__________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы Мөр басатын орын__________________________ (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)
Басқа 2.1. «Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын гид қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер» туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын гид қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер нысанына қосымша «Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын гид қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер» туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Тармақ 1
1. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 2
2. 2-бағанда ақпараттық және (немесе) ұйымдастырушылық қызметтерін көрсететін өңір көрсетіледі (ӘАОЖ бойынша орналасқан жерінің коды).
Тармақ 3
3. 3-бағанда ақпараттық және (немесе) ұйымдастырушылық қызметтерін көрсететін тіл(-дері) көрсетіледі.
Басқа 3. Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын экскурсия жүргізуші қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер нысаны
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі 2026 жылғы 14 шілдедегі № 124 бұйрығына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 249 бұйрығына 3-қосымша Нысан Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын экскурсия жүргізуші қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер нысаны Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурстарда орналастырылған: www.tsm.gov.kz и www.elisence.kz Әкімшілік нысанның атауы: «Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын экскурсия жүргізуші қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер» Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-КТЭ Кезеңділігі: біржолғы Есепті кезең: __ күн __ ай ____ жыл Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Қазақстан Республикасында туристік экскурсия жүргізуші қызметін бастайтын кәсіптік даярланған жеке тұлғалар Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: туристік экскурсия жүргізуші қызметінің басталғаны туралы құжаттарды беру кезінде ЖСН (деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды) Жинау әдісі: электронды түрде № п/п Экскурсиялық қызметтерін көрсететін өңір (ӘАОЖ бойынша орналасқан жерінің коды) 1 2 Телефон________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы ___________________ Орындаушы _____________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға__________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы Мөр басатын орын ________________________________ (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)
Басқа 3.1. «Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын экскурсия жүргізуші қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер» туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын экскурсия жүргізуші қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер нысанына қосымша «Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын экскурсия жүргізуші қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер» туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Тармақ 1
1. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 2
2. 2-бағанда экскурсиялық қызметтерін көрсететін өңір көрсетіледі (ӘАОЖ бойынша орналасқан жерінің коды).
Басқа 4. Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер нысаны
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі 2026 жылғы 14 шілдедегі № 124 бұйрығына 4-қосымша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 249 бұйрығына 4-қосымша Нысан Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер нысаны Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурстарда орналастырылған: www.tsm.gov.kz и www.elisence.kz Әкімшілік нысанның атауы: «Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер» Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-КТИ Кезеңділік: біржолғы Есепті кезең: __ күн __ ай ____ жыл Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Қазақстан Республикасында туризм нұсқаушысы қызметін бастайтын кәсіптік даярланған жеке тұлғалар Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы құжаттарды беру кезінде ЖСН (деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды) Жинау әдісі: электронды түрде № п/п Қызметтерді көрсететін өңір (ӘАОЖ бойынша орналасқан жерінің коды) Туристік маршруттармен жүріп өту тәжірибесі 1 2 3 Телефон _____________________________ Электрондық пошта мекенжайы __________________ Орындаушы ______________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға_________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы Мөр басатын орын ______________________________________________ (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)
Басқа 4.1. «Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер» туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер нысанына қосымша «Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер» туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Тармақ 1
1. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 2
2. 2-бағанда қызметтерді көрсететін өңір көрсетіледі (ӘАОЖ бойынша орналасқан жерінің коды).
Тармақ 3
3. 3-бағанда туристік маршруттармен жүріп өту тәжірибесі көрсетіледі.