О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 27 апреля 2015 года № 317 «Об утверждении натуральных норм обеспечения территориальных органов, находящихся в ведении Комитета экологического регулирования, контроля и государственной инспекции в нефтегазовом комплексе Министерства энергетики Республики Казахстан, специальными транспортными средствами» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 317 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 317 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12138 болып тіркелген, 2015 жылы 12 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы»; бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес арнайы автокөлік құралдарымен; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес арнайы су көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу және ресми жариялау үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _____________ Б. Сұлтанов 2017 жылғы 28 қараша
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы автокөлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 409 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 317 бұйрығына 1-қосымша Нысан Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы автокөлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары Ар­найы ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның ата­уы* Ар­найы ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның функ­ци­о­нал­дық мақ­са­ты Ар­найы ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның пай­да­ла­ну­ға құқы­ғы бар мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер Ар­найы ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның са­ны Ар­найы ав­то­кө­лік құ­ра­лы Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау және та­би­ғи ре­сур­стар­ды пай­да­ла­ну са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ру үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Энер­ге­ти­ка ми­ни­стр­лі­гі Эко­ло­ги­я­лық рет­теу және ба­қы­лау ко­ми­те­ті­нің қа­ра­ма­ғын­да­ғы аумақ­тық ор­ган­дар Ал­ма­ты қа­ла­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті 3 Ал­ма­ты об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті 4 Аты­рау об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті 4 Маң­ғы­стау об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті 4 Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті 4 Пав­ло­дар об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті 4 Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті 4 Жам­был об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті 4 Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті 4 Қа­ра­ған­ды об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті 4 Ақ­тө­бе об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті 4 Қо­ста­най об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті 4 Қы­зы­лор­да об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті 4 Аста­на қа­ла­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті 3 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті 4 Ақ­мо­ла об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті 4 Ескертпе: * арнайы автокөлік құралы - жеңіл автомобиль базасындағы қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы бақылауды жүзеге асыру үшін арналған көлік құралы.
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы су көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 409 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 317 бұйрығына 2-қосымша Нысан Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы су көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары Ар­найы су кө­лік құ­ра­лы­ның ата­уы* Ар­найы су кө­лік құ­ра­лы­ның функ­ци­о­нал­дық мақ­са­ты Ар­найы су кө­лік құ­ра­лы­ның пай­да­ла­ну­ға құқы­ғы бар рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер Ар­найы су кө­лі­гінiң са­ны Теңiз Өзен Ар­найы су кө­лік құ­ра­лы Кас­пий те­ңі­зі бас­сей­нін­де, Ер­тіс өзе­нін­де және тран­с­ше­ка­ра­лық өзен­дер­де қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау са­ла­сын­да ар­найы су кө­лі­гін­де ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ру (су­дың, түп шө­гін­ді­ле­рі­нің және ат­мо­сфе­ра­лық ауа­ның ла­ста­нуын тал­да­ма­лық ба­қы­лау) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Энер­ге­ти­ка ми­ни­стр­лі­гі Эко­ло­ги­я­лық рет­теу және ба­қы­лау ко­ми­те­ті­нің қа­ра­ма­ғын­да­ғы аумақ­тық ор­ган­дар Аты­рау об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті 1 1 Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті 1 Ескертпе: * арнайы су көлік құралы - ішкі су жолдарда және өзге су қоймаларда бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын кеме.